«Rule of Law for All» — баршаға арналған электронды платформа . Сайт төрт тілде: ағылшын, қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде қолжетімді, қылмыстық сот төрелігі реформаларына арналған онлайн ресурс. Платформа пайдаланушыларға өзекті ақпарат пен талдау құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше негізгі бөлімдерді қамтиды: жаңалықтар, кітапхана, әдіснама және елдер рейтингі.
Платформа екі маңызды жоба аясында жүзеге асырылды: Қазақстанда – «Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен» серіктестікте жүзеге асырылатын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы, және Қырғызстанда – «Заңгерлер адам құқықтары үшін» қоғамдық қорымен серіктестікте Eуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Акыйкат Кареги – Қылмыстық сот төрелігі секторына мониторинг жасау бойынша азаматтық қоғамның ұлттық желісі» жобасы.
«Әдіcнама» бөлімі халықаралық стандарттар мен озық тәжірибе негізінде әзірленген қылмыстық сот төрелігі жүйесіне мониторинг жасау мен бағалаудың әмбебап құралын қамтиды. Ол қылмыстық саясат, сот жүйесі, прокуратура, адвокатура, құқықтық көмек, сотқа дейінгі саты, соттағы іс жүргізу және қылмыстық-атқару жүйесі сияқты негізгі сегіз бағытты қамтиды.
«Елдер рейтингі» бөлімінде жобалық іс-шаралар аясында жүргізілген мониторинг нәтижелері көрсетілген. Рейтинг өнімділікті бағалаудың және жақсарту бағыттарын анықтаудың маңызды құралы болып табылады және мүдделі елдерде қажет реформаларды қолдау үшін негіз болады.