Мазмұнға өту

«Акыйкат Кареги – Қылмыстық сот төрелігі секторына мониторинг жасау бойынша азаматтық қоғамның ұлттық желісі» жобасы

2022-2025 жылдар аралығында Қырғызстанда «Акыйкат Кареги – Қылмыстық сот төрелігі секторының мониторингі бойынша азаматтық қоғамның ұлттық желісі» жобасы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) және «Адам құқықтары үшін заңгерлер» қоғамдық қорымен серіктестікте Еуропалық Одақ қаржыландыруымен жүзеге асырылды.

Жоба адам құқықтарын құрметтеуге негізделген және нақты нәтижелерге бағытталған Қырғызстанның сот төрелігі жүйесіндегі сын-қатерлерге мониторинг, талдау және әрекет ету үшін азаматтық қоғамның әлеуетін күшейту арқылы Қырғызстандағы сот төрелігі жүйесінің жұмысын жақсарту және заң үстемдігін нығайту мақсатында әзірленген.

Жобаны іскее асыру кезеңінде танылған ұлттық және халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен сегіз негізгі бағытты (қылмыстық саясат; сот жүйесі; прокуратура; адвокаттық қызмет; құқықтық көмек; сотқа дейінгі кезең, соттағы іс жүргізу; қылмыстық-атқару жүйесі) қамтитын Қырғыз Республикасының қылмыстық сот төрелігі жүйесінің мониторингі әдіснамасы әзірленді. Әдіснама халықаралық стандарттарға және қылмыстық сот төрелігі саласындағы озық тәжірибеге негізделген әмбебап мониторинг және бағалау құралы ретінде әзірленді.  Ол шешуді қажет ететін проблемаларды анықтау және тиісті ұсыныстарды әзірлеу мақсатында қылмыстық сот төрелігі секторының әртүрлі салаларындағы қолданыстағы заңнама мен тәжірибені бақылау және талдау үшін рәсімдер мен құралдарды белгілейді.

2023-2024 жылдар аралығында жобаны іске асыру шеңберінде құрылған «Акыйкат Кареги» азаматтық қоғамның ұлттық желісімен Әдіснама сынақтан өтті. Желінің мүшелері жобаның жұмыс істеу кезеңінде танымал халықаралық және ұлттық сарапшылар жетекшілігімен әділеттілік саласындағы заңнама мен саясатты іске асырудың тиімді мониторингі мен бағалауы үшін қажетті тиісті білімдерді, құралдарды және ресурстарды алды. Жоба аясында жүргізілген мониторинг миссияларының нәтижелері, сондай-ақ жобаның басқа да нәтижелері осы электронды платформада жарияланған. Қырғызстандағы қылмыстық сот төрелігі жүйесіне мониторинг жасайтын тұрақты тетігі ретінде Әдіснама жариялап, мониторинг жасау мақсатында құрылған азаматтық қоғам желісін құрып, жоба өз қызметін 2025 жылдың көктемінде аяқтады. Әдіснама мен желі жобаның аяқталуына қарамастан жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ете отыра әрі қарай жұмысын жалғастырады.

Жарияланыммен бөлісу

Немесе сілтемені көшіріңіз