Мазмұнға өту

Азаматтық қоғам өкілдеріне арналған Құқық үстемдігі академиясы

Азаматтық қоғам өкілдеріне арналған Құқық үстемдігі академиясы

АЛМАТЫ – 2025 жылғы 22 қазанда Еуропалық одақ қаржыландыратын «Барлығы үшін құқық үстемдігін ілгерілету жөніндегі азаматтық қоғамның үйлестірілген іс-қимылдары» жобасы шеңберінде Азаматтық қоғам өкілдеріне арналған Құқық үстемдігі академиясы ресми түрде жұмысын бастады. Академия 22-24 қазан аралығында Алматыда өтеді. Іс-шараға Қазақстанның 12 өңірінен 38 белсенді және адам құқықтарына, балалардың, әйелдердің, жастардың, мигранттардың, мүгедектердің және басқа да осал топтардың құқықтарын қорғауға маманданған азаматтық қоғамның 28 ұйымының өкілдері қатысады.

Құқық үстемдігі академиясы Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдерінің құқықтық сауаттылығын нығайтуға және әлеуетін арттыруға бағытталған. Бағдарлама құқық үстемдігінің негізгі аспектілерін, тәуелсіз сот жүйесінің рөлін, әкімшілік әділетті, адам құқықтарының бұзылуын құжаттау және конституциялық бақылауды қамтиды.

«Күшті және тәуелсіз азаматтық қоғам әділеттілікті, есеп берушілікті және құқық үстемдігін ілгерілету үшін шешуші мәнге ие», — деді Қазақстандағы ЕО Делегациясының ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур. «Осы Академия сияқты бастамалар арқылы Еуропалық Одақ Қазақстан азаматтары мен ұйымдарын адам құқықтары мен демократиялық басқаруды ілгерілетуде қолдайтындығын тағы да растайды».

Академия қатысушылары Академия ұйымдастырушыларының бастамасымен құрылған Қазақстандағы құқық үстемдігінің ұлттық желісіне (ҚҮҰЖ) қосылды. ҚҮҰЖ құқық үстемдігі мен сот төрелігіне байланысты заңнамалық және саяси процестерге мониторинг жүргізу, бағалау және ықпал ету жөніндегі азаматтық қоғамның үйлестірілген және нәтижеге бағдарланған іс-қимылдарына жәрдемдесуге ұмтылады. Желі өз мүшелерінің арасында үйлестіруге, өзара оқытуға және тәлімгерлікке ықпал етеді, сол арқылы азаматтық қоғамның жүргізілетін сот төрелігі жүйесінің реформаларына неғұрлым дәйекті, стратегиялық және тиімді қатысуына жағдай жасайды.  

Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (ҚСЗО) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (АҚХӘ) іске асыратын бұл жоба 3 жылға жоспарланған. Жоба 2024 жылдың басынан 2026 жылдың басына дейін жүзеге асырылады және заң үстемдігі мен Қазақстандағы қылмыстық сот жүргізу саласындағы мәселелерге байланысты азаматтық қоғамның потенциалын дамытуға бағытталған. Жобаның жалпы бюджеті 777,895 еуро, соның ішінде Еуропалық Одақтың үлесі — 739,000 Еуро. 

Қосымша ақпарат алу үшін  +77017444429 телефоны  немесе omiroshnichenko@hotmail.com электронды поштасы бойынша LPRC үйлестірушісі Ольга Мирошниченкоға хабарласыңыз. 

Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырды. Оның мазмұнына тек «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. Басылым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) жүзеге асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы шеңберінде дайындалды.

Жарияланыммен бөлісу

Немесе сілтемені көшіріңіз

Сондай-ақ оқыңыздар